• Сәр. Мау 16th, 2021

PAIDALY AQPARAT

Барлық пайдалы ақпаратты бір сайттан табасыз

Жұмыстағы қақтығыстарды қалай болдырмауға болады

Bykalkoz

Мау 9, 2021

Көбінесе жұмыстағы қақтығыстардың қайнар көзі «қақтығысушы»ретінде анықталған бір ғана қызметкер болып шығады. Жұмыста дау-дамайды болдырмаудың бірнеше жолы бар.

Жұмыстағы дауды бір сөзбен ғана тыйып тастауға болады. Ол үшін сабырлылық пен байыптылық қана емес, қатаң талап қоюшылық та қажет. Ең бастысы, ондай адаммен қарым-қатынас тәсілін өзгерткен жөн.

Ұжымдағы дау туғызғыш даукес адам. Мұндай жанмен кем дегенде бір рет жұмыс істеген кез-келген адам ренжіген әріптесіне дұрыс жауап берудің маңызды екенін түсінеді. Қажетсіз ауызша дау-дамайға бару дұрыс емес. Айқайшыл адам дау-дамайды, сөз таластырғанды жақсы көреді. Ондай кезде тыныш үндемей отыру да көп көмектесе қоймайды, бұл әлгі даукестің одан әрі өршіп, «көрдіңдер мен, менікі дұрыс» деген өзімшіл пиғылын бекіте түседі.

Дегенмен де, дау-дамайлды жақсы көретін адаммен күресудің тәсілі бар. Сіз даукес жанның өз ұстанымы, көзқарасы бар қарсылас екендігін ұмытпаңыз. Психолог мамандардың пікірінше, мұндайда қатты дауыс көтермей, бірақ нық сеніммен дәлілді уәжбен ғана оның мысын басып, бетін қайтаруға болады. Ашуға берілмеу, сабырлы, байыпты қалыпты сақтау маңызды.

1. «Тыңда. Біз дауласпаймыз.

Даукестің сөзіне еріп, дауласа жөнелуге болмайды. Кейбіреулер мәселені бойлап, білместен дау тудырады, өйоткені дауласу – оларға белгілі жалғыз қарым-қатынас құралы. Сондықтан өз пікіріңізді ашық және нық білдіру маңызды дейді психолог маман Джоанна Луковска.

2. «Мен бұл дауды доғарып, мәселені бірге шешуді ұсынамын»

Бұл үкім «қысым көрсетуді», жанжалды қоздыруды, айыптауды және талқылауға итермелеуді әдетке айналдырған адамдар үшін өте қолайлы. Өнбес дауға бару мәселені шешпейді жәнен уақыт алады, жүйкені жұқартады. Сондықтан, оны доғару екі тарап үшін де тиімді жол.

Сонымен қатар, тыныштықты бұзушы даукес  өзін сындарлы шешім ұсынуға міндетті емес адам ретінде көрсеткісі келмейді. Бұл сіздің айтқаныңызды 180 градусқа өзгертеді деп күтіңіз. Бұл одан әрі қарым-қатынасты жеңілдетеді және тығырықтан шығуға мүмкіндік береді.

3. «Мен сізді қызметкер ретінде бағалаймын, бірақ дауласқаннан ештеңе өндейді. Біз сөйлесе аламыз ба?»

Мұндай ұсыныс дауласуды одан әрі жалғастырмай, мәмілеге келуге мүмкіндік береді. Ашуға берілу, қызыл кеңірдек болып дауласу, өкініштен басқа ештеңе бермейтінін қарсыластың назарына ұсынып, көзін жеткізуге тырысқан жөн дейді психолог маман.

«Ақымақ пікірлер мен келемеждерді жеңудің ақылды тәсілі» кітабының авторы Б.Беркчан қарсыласты мақтап, көпшік қоя сөйлеудің өзін өзі қорғаудың өте тиімді стратегиясының бірі екенін айтады. Сондықтан, сіздің адами қасиеттеріңізден үміт күтемін деген тәрізді сөздердің қарсыластың санасына қаншалықты әсер ететінін білу үшін осы тәсілді қолданып көріңіз. Мұндай тәсіл ашуланшақ, ызақор адамдармен сөйлесудің тамаша жолы.

4. «Сіз осы аптада менімен үшінші рет дауласуға тырысып отырсыз. Үзіліс жасап, ширек сағаттан кейін осы әңгімеге қайта оралайық, жарай ма?

Ережелерді ақпараттандыру және орнату — Беркчанның айтуынша, бұл күрделі қарсыластармен қарым-қатынастың тиімді әдісі. Егер сіз бұл сөздерді сабырлы түрде айтсаңыз, бірақ сонымен бірге өзіңіздің дұрыс екендігіңізге толық сенімді болсаңыз, бұл қақтығыс бастамашысының алаңдаушылығын тудырады .

АҚШ — тағы тұлғааралық қарым-қатынас саласындағы танымал маман доктор Лилиан Гласстың айтуынша, батыл көзқарас даукес адамнан қорғанудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Оны жұмыста сондай жағдайларда  қолдануға болады. Бұл жағдай дауға беріліп, жүйкелерін жұқартудың соңы өкінішке ұшырататын бастан кешкен адамдар үшін ұрыс-керістің алдын алу құралы болары анық.